Перейти к содержимому
Войти

Электродуговая печь 30т

0
260
2100
1
0

Карагандинский государственный технический университет
Кафедра металлургий и нано технологий
курсовой проект по дисциплине "оборудование металлургических производств"
на тему: Электро дуговая печь
Караганда 2014

Кіріспе
Доғалы электр пештерінде балқыту электр энергиясын түрлендіру, газды немесе булы ортада өтетін электр разряды ретінде жүреді. Бұл разрядта шамалы көлемде үлкен қуатты үлестіріп, соның арқасында жоғары температура алуға болады. Пештің жұмыс ортасында шұғыл температуралық айырым пайда болады, сондықтан температураның біркелкі емес үлестіруін алуға болады. Және осы себеппен бұнда қыздыру температурасының дәл реттелуін қамтамасыз ету мүмкін емес, яғни термиялық өңдеуді жүргізу мүмкін болмайды. Энергияның жоғары концентрациясы балқытуды тез жүргізуге мүмкіндік береді, сол себепті доғалы пештер болат балқытуға ыңғайлы болып табылады. Жәнеде доғалы электр пештері газды немесе сұйық ортада жоғарғы температуралы химиялық реакциялар өткізуге ыңғайлы. Барлық бұл жағдайларда температураның біркелкісіздігі маңызды рөл атқармайды, өйткені жылу өткізу және конвекция арқасында сұйық ваннада немесе газды ағында температура жылдам теңестіріледі.
Бұл курстық жұмыста мен сыйымдылығы 30 тонна болатын доғалы болат балқыту пешін қарастырамын (ДБП 30). Осындай типті пештерді классификация бойынша тура әсерлі доғалы пештерге жатқызады. Пештің жұмыс ортасында доға электрод пен балқыған металл арасында металды тікелей қыздырып жанады. Жоғарғы температура көзі металл бетінің маңында орналасады. Пештің күмбезі доғаның тікелей сәулеленуінен қорғалған, сол себептен бұл пештерде жоғары көлемді қуат үйлестіріп жоғары температуралық процестер жүргізуге болады. Осындай типті пештерде электрод тікелей асылған және созылуға жұмыс істейді, пеш еңкейгенде ғана иілуге жұмыс істейді. Яғни бұл пеште ұзын, қимасы үлкен, біршама жұмыс тоғын қамтамасыз ететін графитирленген электродтар қолданылады. Доғалы пештер өте қуатты және өнімді болады және үш фазалы тоқта жұмыс істейді. Бұл көлемді үш фазалы пештер металдарды жоғары температуралық булануымен балқытуға арналған, негізін болат балқыту пештері. Технологиялық артықшылықтары арқасында бұл пеште барлық жоғары легірленген және конструкциялық болаттар құйма кесек түрінде балқытылады. Сондай ақ бұнда фасонды болат балқытудың негізгі бөлігі орындалады. Электр пештері металл сынықтарын қайта өңдеуге басқасынан жақсы бейімделген, онымен қоса қатты шихтамен пештің барлық көлемі толтырылуы мүмкін, бірақ бұл балқыту процесін қиындатпайды. Металл сынықтарын алмастыратын металлданған окатыштарды электр пешіне автоматтандырылған дозатор арқылы үздіксіз жүктеуге болады.



Автор
NURE
Дата
29.12.2014
Язык
Казахский
Состав
Под печи, держатель электродов, ПЗ
Софт
КОМПАС-3D v15 Как открыть?
Содержимое архива
  • печь
    • Mazm_1201_ny.docx
    • Titulny_list.docx
    • 62157.doc
    • спец.doc
    • T_1199_sindirme_zhazba.docx
    • пеш жаны.frw
    • электрод.frw
Чтобы скачать чертеж, 3D модель или проект, Вы должны зарегистрироваться и принять участие в жизни сайта. Посмотрите, как тут скачивать файлы

Еще чертежи и проекты по этой теме:

Комментариев пока нет
Чтобы оставить комментарий, необходимо войти