ГУ им.Шакарим г.Семей
Кафедра Автоматика и электротехника
Дипломная работа по дициплине "Автоматизация технологических процессов"
На тему: "Соя ұнының өндірісі ТП АБЖ жетілдіру"
Семей 2014
РЕФЕРАТ
Дипломдық жобаның тақырыбы – «Соя ұнының өндірісі ТП АБЖ-сы». Дипломдық жоба түсіндірме жазбадан және графикалық бөлімнен тұрады.
Түсіндірме жазба 140 беттен, 25 суреттен, 22 кестеден, 17 дереккөзден тұрады ал, графикалық бөлімі А1 форматты 5 беттен және 2 плакаттан тұрады.
АВТОМАТТАНДЫРУ, МИКРОКОНТРОЛЛЕР, ДОЗАТОР, БЕЛОК , ЖИНАҒЫШ, БУНКЕР, НОРИИ, БАКТЕРИЦИДТІК ФИЛЬТР.
Берілген дипломдық жобаның мақсаты соя ұнының өндірісі желісін автоматтандыру болып келеді.
Жұмыста жабдықтардың, аспаптардың автоматты басқарылуы, сонымен қатар аналитикалық тәсілмен жүргізілген автоматтандыру нысанының зерттелуі қолданылады. Жобаға автоматтандырудың функционалдық сұлбасы, құрылымдық электрлі сұлбасы, автоматтандырудың жалпы түрінің сыртқы байланыстарының сұлбасы, автоматтандырудың құралдарының дәйектілігінің плакаттары және экономикалық көрсеткіштерінің жетілдіру жұмыстары кіреді.